Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Created: 28 Желтоқсан 2020
37

«Тәуелсіздік тірегім» атты тақырыпта барлық топтарда санитарлық талаптарды сақтай отырып тәрбие сағаттары өткізілді

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталып келеді.16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған – бүгін де Қазақстан егемен ел болды.Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздің күні қарсаңында 11.12.2020 ж. Бөкей ордасы колледжінің «Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист» тобының топ жетекшісі А.М.Аменова және «Сатушы» тобының топ жетекшісі Л.Е.Жумагалиева «Тәуелсіздік тірегім» атты тақырыпта барлық топтарда санитарлық талаптарды сақтай отырып тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары барысында студенттерге Қазақстан Республикасы туралы, оның Тәуелсіздікке қалай жеткеннін баяндалып, видеороликтер көрсетілді.Тәуелсіздіктің ұғымы түсіндіріп, Еліміздің егемендік алғанынан бері жеткен жетістіктері туралы студенттерге мәлемет берді.

 

Тәуелсіздік күні - Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі едті, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Осы Тәуелсіздік тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәрбие керек. Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын!

 

Яндекс.Метрика