Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Created: 03 Ақпан 2021
32

Фермер апталығы

Бөкей ордасы колледжінде 25.01-30.01.2021 жыл аралығында «Тракторшы-машинист, Автомобиль жүргізушісі» біліктіліктілері бойынша апталық оздырылды. Апталық жоспарына сай 25 қаңтар күні «Мамандығым-болашақ қадамым» атты студенттер арасында шара өткізілді. Студенттер шараға белсене қатысып, өз мамандығына қызығушылықтар артқанын атап айтты.

 

26.01.2021 ж. өндірістік оқу шебері Ернар Серікұлы 1-3 курс студенттер арасында  командалық бағытта «Своя игра» интелектуалдық ойынын өткізіп,  қатысқан командалар арасында 1 орын  3 курс «Тракторшы-машинст» командасына бұйырса, 2 орын 1 курс «Тракторшы машинсты» командасы және 3 орын 2 курс  «ЭЕМ

оператор» командасы иеленді.

 

27.01.2021 ж. Аға шебер Талғат Таупихұлы  колледж студенттерін Бөкей ордасы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен қатысумен «Жол ережелерін сақтайық!» атты шара ұйымдастырылды, полиция қызметкері жол қауіпсіздігі және жолда жүру тәртібі мен жол ережесін түсіндірді.

 

28.01.2021 ж. МТЗ 82.1 тракторын басқарып, жүргізу және жол ережелерін сақтау мақсатында жарыс 1,3 курс студенттері арасында ұйымдастылып, «Үздік жүргізуші» 3 курс студенттері Нуфтуллин Мержан және Сәлімгерей Балдаурен  атанды.

 

29.01.2021 ж. өндірістік оқу шебері Асхат Сұлтаниярұлы ұйымдастырумен Worldskills байқауы бойынша «Жеңіл автокөлік қозғалтқышын бұзып жинау» жұмыстары өткізілді. Байқауға 7 студент қатысып, қатысушылар қозғалтқышты бұзып жинау жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелері сақталып, студентер технологиялық карта арқылы рет-ретімен жұмыстарын орындады. Қазылар алқасы бағалау барысында студенттердің киімін киуі, техника қауіпсіздік ережесін сақтауы, жұмыстың тиянақты орындауын, жұмыс орнының тиянақтылығына көп көңіл бөлді. Қазылар алқасы қорытындысы бойынша бірінші орын Хайруллин Өмірболат, екінші орын Нуфтуллин Мержан, үшінші орынға Ахмедияров Ержан иеленді.

 

30.01.2021ж. «Тракторшы-машинист, Автомобиль жүргізушісі» апталық қорытындылап, студенттер арасында ойындар ұйымдастырылып, орын алған және белсене қатысқан студенттер грамматолармен марапатталды.

Яндекс.Метрика