Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Created: 03 Ақпан 2021
18

Ақпараттық сауаттылық насихатталды.

Өткен аптада колледжімізде «Smart - info» атты апталық өтті. «File-Save» атты интернет желісі мен дербес компьютерді дұрыс пайдалану туралы жадынама үлестіріліп колледж студенттері арасында «Сәтті selfi» фотосурет, «Менің өмірімдегі интернет» бейнероликтер байқаулары ұйымдастырылды.

 

Аудандық кітапхана қызметкері Г.Е.Абдуллина және колледж маманы Б.С.Темешованың қатысуымен «Сен, мен және интернет» тақырыбында дебат өткізілді. «Game-әлем» ойыны барысында студенттер белсенділіктерін танытып, «UFS» ойынын online режимінде бастаса, колледж жатақханасы алаңында шаңғы тебумен аяқтады.

 

«Timer» тренинг ойыны барысында «Monitor», «Рrinter», «Scanner», «Internet» топтарға бөлініп, «Сұрақ-жауап», «Түсін мені», «Адасқан әріптер» турларына қызығушықпен қатынасып, үздігі болып «Monitor» тобы танылып, әр команда өз намысын қорғады.

 

Қорытынды кеш «Infomen-2021»  интелектуалдық ойынымен аяқталды. Ойын барысы «Program-technol» тестілеу орындалуымен басталып, ситуациялық сұрақтарға жауап берілсе, «Scanner» туры «AI»-бағдарламасында тапсырмалар орындаса, «Өзіңді таныт» шығармашылық жұмыстары өз таңдаулары бойынша Adobe photoshop, Corel draw, Micromedia flash және т.б. мультимедиалық бағдарламаларда қорғалды. Аталмыш шараның жеңімпазы 2 курс «Сандық ақпараттарды қайта өңдеу маманы» мамандығының студенті Сахуов Асылхан атанды.  

 

«Smart - info» апталығы барысында 2 курс «Сандық ақпараттарды қайта өңдеу маманы», 2,3 курс «Аспаз» және 10 ай «Сатушы» тобының студенттері белсенділік танытып, апталық қорытындысы  бойынша студенттерге грамоталар мен сыйлықтар табысталды.

Яндекс.Метрика