Бөкей ордасы ауданының № 18 кәсіптік мектебі облыс әкімінің 2005 жылғы № 245 7 шілдесіндегі қауылысына сай ашылып, 2009 ж. 26.01.№ 32 облыс әкімінің қауылысына сай БҚО білім басқармасының № 18 кәсіптік лицейі мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Облыс әкімдігінің 2012 жылғы «14» ақпандағы № 32 қаулысына сай, № 18 кәсіптік лицей мемлекеттік мекемесі, БҚО әкімдігі білім басқармасының «Бөкей ордасы колледжі» МКҚК болып қайта құрылды.
«Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған» бағдарламасында: «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұранысын және экономика мен әлеуметтік саланы дамытудың перспективаларын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады. Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті, білімді меңгерген, ой – өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады», - деп атаған.
Бөкей ордасы колледжі - ауданымызға қажетті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ете отырып, дамуына өз үлесін қосып келе жатқан облысымыз бойынша ең жас білім беру ордаларының бірі.