Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Created: 12 Маусым 2019
454

Колледж тарихы

 

«Колледж өткенді мақтан тұтады, өз болашағын жасайды»

Бөкейордасы колледжі туралы мәлімет

 

«Бөкей ордасы колледжі» жас болса да ауыз толтырып айтарлықтай тарихы, даңқты дәстүрлері мен жетістіктері бар, сонымен қатар ауданымызға қажетті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ете отырып, дамуына өз үлесін қосып келе жатқан облысымыз бойынша ең жас білім ордаларының бірі. «Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған» бағдарламасында: «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек  нарығының сұранысын және экономика мен әлеуметтік саланы дамытудың перспективаларын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады. Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті, білімді меңгерген, ой – өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады», - деп аталған.

 

Бірнеше жылдар ішінде оқу орнының аты да, мәртебесі де өзгерді. Бөкей ордасы ауданының № 18 кәсіптік мектебі  облыс әкімінің  2005 жылғы      № 245  7 шілдесіндегі қауылысына сай ашылып, 2009 ж. 26.01.№ 32 облыс әкімінің қауылысына сай БҚО білім басқармасының № 18 кәсіптік лицейі мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Облыс әкімдігінің 2012 жылғы «14» ақпандағы № 32 қаулысына сай, № 18 кәсіптік лицей мемлекеттік мекемесі, БҚО әкімдігі білім басқармасының «Бөкей ордасы колледжі» МКҚК болып қайта құрылды. Бүгінгі колледж – жылдар бойы жинақталған оқытушылар тәжірибесі мен қазіргі білімдік бағдарламаларды біріктіретін жаңа жүйе бойынша білім мен білікті меңгеретін, сондай - ақ өндірістен қол үзбей біліктілікті арттыруға мүмкіндік беретін мамандырылған оқу орны.

 

Ең бірінші бұл колледждің тарихы – негізін қалаған тамаша адамдардың, еңбекқор ұжым мен түлектердің тарихы деп айтуымызға болады. Колледж директоры мен колледждің өркендеуіне зор үлестерін қосқан оқытушылардың, өндірістік шеберлері мен түлектеріміздің есімдері колледж тарихында мәңгілік алтын әріптермен жазылатыны белгілі. Әр жылдары кәсіптік мектеп, кейін кәсіптік лицей қазіргі колледждің «Басшы –ұжым ұйытқысы» дегендей өзгеріп  отырып оқу орнымыздың дамуына өз үлестерін қосып отырды.

 

20005-2006 ж. Танатов Серік Қабденұлы

 

2006 жыл тамыз - қараша Еркегалиев Жанқуат Жұмарстанұлы

 

2007ж -2011 ж.  - Танатов Серік Қабденұлы

 

23.12.2011ж -  Курумбаев Айболат Шамуратұлы

 

Бүгінгі таңда Бөкей ордасы колледжін 24.12.2012 жылдан бастан Лукпанов  Бағдат Сейтуұлының басқаруымен жұмыс атқарып келеді.

 

Бүгінде колледжіміз мамандар даярлау жағынан, материалдық базасы тұрғысынан және кадрлық сапалық құрамы жағынан  да жан жақты толығуда. Бүгінгі таңда қызмет көрсетуде және білікті маман дайындауда арнайы тәжірибелі инженер –педагогикалық кадрлар 100 % қамтылды. Жаңа 2018-2019 оқу жылына 3 жана мамандыққа лицензия алынды: мамандығы 1504000 – Фермер шаруашылығы, біліктілігі 150405 2 – Сатушы; мамандығы 0508000 - Тамақтандыруды ұйымдастыру, біліктілігі   050801 2 «Аспаз»; мамандығы 1401000- Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, біліктілігі 140125 2 «Өңдеу құрылыс жұмыстарының шебері».

 

140125 2 Өндеу құрылыс жұмыстарының шебері, 050801 2 Аспаз, 150406 2 Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист, 130401 2 Электрондық есептеу машиналарының операторы, 150405 2 Сатушы біліктіліктері бойынша мамандарды даярлайды.

 

Сонымен қатар жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды дайындау үшін колледжде материалдық – техникалық базасы нығайтылып, жаңаша жабдықталған оқу кабинеттері, оқу – зертханалық шеберханалары жұмыс істеуде сонымен бірге спорт акт залдарын, медициналық кабинет кітапхана мен асхананы және интернет желісіне қосылған кабинеттерді қамтиды. Атап айтсақ,  Ағымдағы 2017 жылы 1401000 «Ғимараттармен құрылымдарды салу және пайдалану», 1504000 «Фермер шаруашылығы» 150405 2 «Сатушы» мамандықтары бойынша 2 шеберханалық кабинеттер жабдықталды. Барлық оқу және қызметтік кабинеттер қажетті заманауи жиһаздармен жабдықталған. 1504000 «Фермер шаруашылығы» мамандығы арнайы білім беру пәндерінен жана электрондық оқулықтар, плакаттар алынып, өндірістік оқыту сабақ барысында қолданылады.

 

Түлектердің кейбіреулері сырттай, іштей жоғарғы оқу орындарына түсіп, оқуларын жалғастыруда. Колледж тегін оқу, мемлекеттік үлгідегі диплом, ай сайынғы шәкіртақы, тегін тамақ, тегін жатақхана, түрлі қызықты үйірмелер, жарқын студенттік өмірмен қамтамасыз етеді.

 

Біздің колледждің мақсаты – қазіргі кезде оқу орыны сұранысқа ие  мамандықтарды ашып, оқу жоспары мен бағдарламаларын жетілдіріп, бәсекеге қабілетті, шығармашыл мамандықтарды даярлау деңгейін арттырумен айналысуда.

Яндекс.Метрика