Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Created: 12 Маусым 2019
481

Дуалдық оқыту

 

Дуалдық оқыту жүйесінің жазбаса есебі.

 

Техникалық және кәсіптік білім беруге қазіргі уақытта ел көлемінде айрықша мән беріліп отыр. Техникалық және кәсіптік-білімнің бәсекеге лайық ілгерілеп дамуы мемлекет, бизнес құрылымдарының және азаматтардың әлеуметтік жағдайына орасан серпін берері сөзсіз. Үкіметтің арнайы қаулысымен бекітілген жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасында жастардың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін отандық кәсіптік білім алуына жағдай жасау, жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру деңгейін арттыру мәселелері жіті қарастырылған. 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында білім саласына айрықша басымдық берді. Оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуда дуальды оқыту технологияларын енгізуді, осыған орай Үкіметке тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Дуальдық жүйе маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі. Бұл өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді. Маманды қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетпейді. Білім алушы жастар үшін өмірдегі өз орнын ерте табуға мүмкіндік туады, жұмысқа ерте араласып, бейімделеді.
Қазіргі кезде, әлемде оқытудың дуальды жүйесі кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда технологиялық, диплом алдындағы тәжірибелерден өтеді.

 

Дуальды жүйемен оқытудың жетістігі көп.

 

Біріншіден, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған оқушы жұмыс берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады. 
Екіншіден, жақсы білімді, болашақ жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс жүргізеді және өндірістегі жұмыстарға бейімделеді. 
Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, оқушы теориялық, яғни текстпен айтудан гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теориядағы қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді. 
Төртіншіден, жұмыс берушінің оқушыға берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен байқалады. Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған оқушы, өзінің білім мен ынтасын көрсетеді.
Бесінші, оқытушы тек қана теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды меңгереді.
Алтыншы, бюджеттік шығын азаяды, себебі оқуға кеткен шығынның біраз бөлігі өндірісте болғандықтан оқушы оны күнделікті көріп, игереді.
Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы дуальды оқыту технологиясы енгізіліп, жүзеге асқан кезде қол жеткізетін нәтижелер. 
Еліміздегі кәсіби-техникалық білім беру жүйесі ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Өйткені, экономиканың қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн санап артуда. Соған орай, теориядан гөрі тәжірибеге басымдық берілетін дуальдық жүйені енгізу халықты жұмыспен қамту проблемасын шешудің бірден-бір тиімді жолы екендігі анық.

 

Дуальдық оқыту жүйесі элементтерін енгізудің мақсаттары:

 

Колледж ұжымының мақсаты: 

1. Дүние жүзілік білім кеңестігіне теңестірілетін техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесін жасақтау;
2. Жұмыс беруші талабына сай оқу жоспарларын және оқу бағдарламаларын жасау;
3. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау;
4. Оқу орнының оқу-материалдық базасын заман талабына сай жаңа техникалық, технологиялық лабораториялық жабдықтармен қамту; 
5. Оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін өндіріске енгізіліп жатырған жаңа технологиялырмен және жабдықтармен таныстырып отыру мақсатында өндірісте тағылымдамадан өткізу;
6. Әлеуметтік серіктестермен байланыста оқушыларды өндірісте тәжірибеден өткізу және бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігіне ие болу.

Әлеуметтік серіктестіктің мақсаты: 


1. Оқу орнына қандай және қанша маман дайындау туралы ақпарат беру;
2. Оқу орнына маман дайындауға өз талаптарын қою;
3. Оқу орнымен бірлестікте оқу-материалдық құжаттарды дайындауға қатысу;
4. Оқушыларды оқу және өндірістік тәжірибеден ақылы өткізу мүмкіндігін қарастыру, шешу;
5. Оқушыларды оқу және өндірістік тәжірибеден өткізуге жағдай жасау;
6. Оқу орнын бітірушілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту;

Оқушының мақсаты: 


1. Теориялық білім мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жойып, кәсіби құзіретке негізделген білім алу;
2. Өндірісте оқу және өндірістік тәжірибеден ақылы өту мүмкіндігін алу;
3. Колледж бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу.

Қорыта келгенде, егер дуальдық жүйемен оқыту әдістемесі жетілдіріліп, заңды түрде күшіне енгізілсе, жақсы нәтиже береді деп есептеймін: 


1. Дуалдық жүйе - оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістерінің негізгі кемшілігін, яғни теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жояды;
2. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері бітіруші түлектерін кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру үшін жұмыстанады; 
3. Жұмыс берушімен тығыз байланыста жұмыс жасайтын оқу орны болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескеріп отырады;
4. Әлеуметтік серіктестіктер өндіріс талабына сай, білім алушыға қойылатын біліктілік талаптарды дайындауға, кәсіптік стандарттарды, дуальдық оқыту жүйесі бойынша өзгеретін модульдық бағдарламаны, оқу бағдарламасын дайындауға және оқытушыларды тағылымдамадан өткізуге қатысады;
5. Әлеуметтік серіктестіктер мамандар дайындау бойынша мемлекеттік тапсырманы қалыптастыруға қатысады; 
6. Оқушының кәсіби дайындық деңгейін бағалау және біліктілікті тағайындау үшін құзырлы мамандар мемлекеттік емтихан комиссиясы мүшесі ретінде қатысады; 
7. Білім алушы дуальдық жүйемен оқыту нәтижесінде белгілі құзіреттерді меңгерген кәсіби дағдыға ие болады; 
8. Оқу орнын бітіруші жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.



Шаруашылықтың қай саласын да өздері таңдаған мамандықтарын кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп, озық технология мен заманауи техника тілін меңгергендер ғана дамыта алады. Сондықтан коледжімізде өндіріске қажетті Фермер шаруашылығы мамандығы Аспазшы біліктілігін  әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік, теория мен тәжірибенің үйлесімділігі атқарылады. Бұл үйлесімділік дуальды білім беру жүйесінде жан-жақты өрістей алады деген ойымыз бар. 

 

    Бөкейордасы колледжі облыс бойынша арнаулы білім беру ордасының бірі болып табылады. Құрылғанына 10 жылға жуықтап келе жатқан білім ошағынан түлеп ұшқан түлектер қоғам өмірінің барлық саласында жемісті еңбек етуде. Колледж бүгінде уақыт талабына сай еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау үстінде. Біздің оқу орнымыз облыс бойынша дуалды оқыту жүйесі Аспазшы біліктілігі бойынша енгізуді жоспарладық. Дуалдық оқыту жүйесін енгізу – халықаралық білім беру стандарттарына сай жас мамандардың жұмысқа тұруы.


    Өңірлерде дуальдық жүйені енгізу бойынша жұмыстар кәсіпорындармен оқу жоспарларын, оқу процесінің кестесін қайта қараумен, кәсіптік білім беру орындарының материалдық-техникалық базасын жетілдірумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, қазіргі таңда Аспазшы біліктілігі бойынша дуалдық оқыту жүйесін төрт жақты келісім шарт негізінде енгізуді ойлап отырық. Содан әрі қарай біртіндеп мамандықтар санын ұлғайтуға, студенттердің біліктілігін арттыруға ден қойуды ойлап отырмыз.

Яндекс.Метрика