Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Created: 08 Қазан 2019
357

Халықаралық ұстаздар күні

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Осынау айтулы күнге байланысты 4 қазан күні колледжімізде "Ұстаз сізге мың алғыс" тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында колледж директорының оқу және өндірістегі оқыту жөніндегі орынбасарлары А.Ж. Тналиева мен С.Н. Алтаяков ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар табыстады. Мерекелік шарада колледж студенттері ұстаздарына деген құрметтерін әнмен жеткізіп, би билеп, жүректен шыққан туындыларын оқып, өнегелі өнерлерін тарту етті.

Яндекс.Метрика