Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Created: 03 Қыркүйек 2020
156

Құрметті оқытушылар, ата-аналар және студенттер!

Құрметті оқытушылар, ата-аналар және студенттер!

Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктермен ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін.

Қымбатты студенттер! Алдағы жаңа оқу жылында сапалы білім алып, үнемі ізденіс үстінде болуларыңызға, жоғарғы жетістіктерге ие болып, жаңа оқу жылын мағыналы да қызықты өткізулеріңізге тілектеспін. Колледждің табалдырығын тұңғыш аттап отырған 1 курс студенттері үшін 1қыркүйек- болашақ мамандыққа жасап отырған алғашқы қадам, жаңа бастамалар мен ұмтылыстар, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі. Бастағалы отырған бастамаларыңыз сәтті болсын!

Қазіргі кезде елімізде болып жатырған жағдай бәрімізді де алаңдатуда. Соған қарамастан студенттер арасында қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық нормаларды сақтай отырып, денсаулығымызды күте жүріп, білім беруді дәстүрлі қалпында одан әрі жалғастырамыз.

Өмірін сүйікті мамандығына – еліміздің болашағына білім беруге, тәрбиелеуге арнаған әр оқытушыға, педагогикалық еңбектеріне бүгінгі мерекелі күні ерекше алғысымды білдіріп, алдағы уақытта Сіздерге үздіксіз кәсіби жетістіктер тілеймін.

 

Яндекс.Метрика