Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Created: 15 Қазан 2020
177

"WorldSkills Kazahstan" өңірлік чемпионаты өткізілді

БҚО білім басқармасы және мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 12 қазан 2020 жылы "Бөкей ордасы колледжі" МКҚК базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында "Кондитерлік ісі" біліктілігі бойынша кәсіби шеберліктің "WorldSkills Kazahstan" өңірлік чемпионаты өткізілді. WorldSkills мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. Әлем бойынша халықаралық сайыстар өткізу арқылы жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру. Маман тапшылығын азайтып, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инновациялық дамуына қосар үлесі зор. Жас мамандардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін үлкен бағыт. Чемпионатқа 17-22 жас аралығындағы колледж студенттерінен қатысты. Сайыста жастардың тәжірибелік дайындығы мен кәсіптік біліктілігі шыңдалып, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениеті көрсетілді. Модуль бойынша эксперттер бағалап, барлық техника қауіпсіздік ережелерін сақталуына қадағалады.

Яндекс.Метрика