Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Created: 23 Сәуiр 2021
149

2021 жылдың 09.03-14.03 аралығында колледжде «Аспаз» біліктілігі бойынша «Сенің мамандығың-сенің келешегің» атты апталығы ұйымдастырылды.

2021 жылдың 09.03-14.03 аралығында колледжде «Аспаз» біліктілігі бойынша «Сенің мамандығың-сенің келешегің» атты апталығы ұйымдастырылды.

Апталық қамыр өнімдерінен жасалған тәттілер көрмесінен бастау алды. Шәкірттеріміздің пісірген өнімдері көпшілікпен дегустация өткізіліп, ең дәмдісін анықтады.

10.03. өндірістік оқыту шеберлері Н.К.Хамидуллина, А.М.Сунгатова 1-3 курс Аспаз тобының студенттері арасында «Жұлдызды сағат» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты: білімдерін тереңдету, таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыру.Шара барысында студенттер теориялық білімдерін бекітіп, ұйымшылдық пен белсенділік таныттып жақсы дайындықтарын көрсетті.

11.03 күні апталық «Үздік аспаз» байқауымен жалғасты , ол екі айналымнан тұрды – теориялық және практикалық. Байқаудың мақсаты білім алушылардың білімдерін тереңдету, кәсіби шеберліктері мен дағдыларын дамыту: жалпы және кәсіби ой-өрістерін кеңейту, мамандыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Студенттердің бойындағы білім мен аспаздық өнерін ұштастырып, қабілетін шындау. Кәсіби білім биігінен көрінуге талпындырып, сайыс арқылы «Үздік аспазды» анықтау. 1-3 курс студенттері үшін тапсырмалары әр түрлі деңгейде болды. Байқаудың қорытындылары бойынша 3-курстың студенті Елтаева Назым ең көп балл жинап « Үздік аспаз» атанды, ІІ орынды 1-курс студенті Нұрмуханова Фарида, ІІІ орынды 3-курс студенті Ахметова Диана мен 1-курс студенті Березина Валентина бөлісті.

12.03. күні «Мамандықтың мың сыры» атты колледжшілік студенттік конференция өтті. Келешекте табысты еңбек ету жолдарына ынталандыру және болашақта өз ісімен айналысуға кеңестер беру мақсатында өткен шараға колледждің барлық мамандықтары бойынша үздік оқитын студенттері тартылып, өздерінің идеяларымен бөлісіп, жобаларын қорғады. Сонымен қатар, даустандырылған бейнетаспа арқылы мамандықтарын жарнамалап, практикалық тапсырмалар орындады.

13.03. күні «Қамырдан жасалған көңілді қиялдар» тақырыбында студенттер арасында сайыс өтті. Сайыстың мақсаты студенттердің өз бетімен тағам түрлерін жасай білуін, және аспаздық қабілетін дамыту. Студенттерді ас мәзірін дайындау кезінде тиянақты, ұқыпты, таза жұмыс жасауға тәрбиелеу. 3 турдан тұрған сайыста аспаз тобының студенттері өз шеберліктерін көрсетті. Бір-бірінен ерекшеленуге тырысқан сайысқа қатысушылар түрлі тәтті нан бұйымдары мен кекстар пісіріп, безендіріп көрсетті. Студенттер технологиялық нұсқау карта бойынша берілген тапсырмаларды орындады.

14.03 күні өндірістік оқыту шеберлері Н.К.Хамидуллина, А.М.Сунгатова дәмтатымдарды, салқын, ыстық тағамдарды дайындауда жаңа технологияларды қолданудың өрістерін кеңейту мақсатында «Молекулалық ас-үйі» атты семинарын дайындап, өткізді. Шеберлер студенттермен бірлесіп молекулалық ас-үйі – трофология тарауы, тағамды әзірлеу кезінде болатын физикалық-химиялық үдерістерді оқып-үйренумен байланысты. Семинарда дәмтатымдарды, салқын және ыстық тағамдарды әзірлеудің жаңа технологиялары қарастырылды. Молекулалық ас-үйдің өнімдері, аспазшылық пен ғылымның байланысы, төмен температураларда тағамдарды әзірлеу технологиясымен таныстырылды. Сонымен қатар білім алушыларға қай мейрамханаларда кеңінен молекулалық ас-үйі қолданылатыны туралы түсіндіріліп, кубик және спагетти түрінде бірінші тағамдардың ерекше безендірілуі және ұсынылуы , желе түріндегі стейктер, саңырауқұлақтан жасалған көбіктер, «тюбиктегі» ғарышкерлердің тағамдарында молекулалық ас-үйдің кеңінен қолданылуы айтылды.

Апталық бойынша өткен барлық шаралар қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды.


Яндекс.Метрика