Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Created: 04 Маусым 2021
143

Бүгін 04.06.2021 ж. Қазақстан халқы мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде.

Мемлекеттік рәміздер - еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Осы орайда Бөкей ордасы колледжі оқытушылары мемлекеттік туды көтеріп автошеруге қатысты. Колледж студенттеріне «Мемлекеттік рәміздер-елімнің мақтанышы» атты тақырыпта ашық шара өткізілді. ЖІК мүшелері футболдан аудандық жарысына қатысуда.

 

Еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жет­кізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қас­терлеу азаматтарымыз үшін басты мін­дет болып табылуы тиісті.

Яндекс.Метрика