Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Created: 17 Мамыр 2021
184

WorldSkills

2021 жылдың маусым айында «WorldSkills Kazakhstan – ORAL-2021» өңірлік чемпионатасы өтті

2021 жылдың маусым айында Бөкей ордасы колледжі «WorldSkills Kazakhstan – ORAL-2021» өңірлік чемпионатына құзыреттіліктер бойынша студенттер қатыстып өз  шеберліктерін көрсетті. Чемпионатына қорытындысы бойынша жеңімпаздармен жүлдегерлері білім басқармасының медальдарымен, дипломдар және сертификаттармен марапатталды.

Жарыс қорытындысы төмендегідей:

  1. «Ауыр техникаға қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша II дәрежелі дипломмен медаль - Нуфтуллин Мержан ;
  2. «Кондитерлік ісі» құзыреттілігі бойынша III дәрежелі дипломмен медаль –Пархатова Фатима
  3. «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша «Үздік маман» дипломы және медальмен Елтайева Назым;
  4. «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша «Үздік маман» дипломы және медальмен – Сахуов Асылхан.

View the embedded image gallery online at:
https://bokeiordacoll.kz/kz/worldskills#sigFreeId993b34e7fd


Бөкей ордасы колледжінде «WorldSkills Kazakhstan-Bokeyorda-2021» колледж ішілік чемпионатысы өткізілді.

«WorldSkills Kazakhstan-Bokeyorda-2021» колледж ішілік чемпионата  ұйымдастырылып, төменде аталған құзыреттіліктер бойынша  байқау өтті:

  • Жеңіл автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету
  • Ауылшаруашылық машина және тракторды жөндеу слесарі
  • Дизель қозғалтқышын жөндеу және техникалық қызмет көрсету
  • Графикалық дизайн
  • Наубайшы шеберлігі
  • Аспаз ісі
  • Кондитерлік ісі
  • Дәнекерлеу технологиясы

Қазіргі бәсекелестік бәсі артқан нарық заманында жұмысшы  мамандығын алған жастар озып отыр десекте артық айтпағанымыз. Өйткені отандық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру кәсіптік-техникалық негіздегі мамандықтардың мәртебесін көтерумен тікелей байланысты. Соның ішінде жұмысшы кәсібіне қолдау көрсету – ел-дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз. Халықаралық «WorldSkills»  байқауы да кәсіби-техникалық негіздегі жұмысшы мамандықтардың шеберлік дағдыларын дамытуға өз үлесін қосып келеді. Маман тапшылығын азайтып қана қоймай, жас мамандардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін  көрсетуге мүмкіндік беретін бірегей жоба.

Барлық құзыреттілік бойынша 45 студент қатысты. Құзыреттіліктер бойынша модульдер құрылып, сол модуль бойынша қатысушылар жұмыстанды. Байқау барысында  қатысушылар техника қауіпсіздік ережелерімен танысып, санитарлық нормалар қатаң сақталды.

Сарапшылар ұйғарымымен «Жеңіл автокөлік жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша У.Хайроллин жеңімпаз атанса, «Ауылшаруашылық машина және тракторды жөндеу слесарі» құзыретгілігінен I орынды Б.Сәлімгерей еншіледі, «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша Б.Таубаевтың асығы алшысынан түссе, «Дизель қозғалтқышына жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша М.Нуфтуллин, «Кондитерлік ісі» құзыреттілігі бойынша Ф.Нурмухановалар жеңісті қолдан бермесе, «Аспаз ісі» бойынша Н.Елтаеваның өнері жоғары бағаланды. «Кондитерлік ісі» құзыреттілігі бойынша Ф.Нұрмуханова, «Наубайшы шеберлігі» құзыреттілігі бойынша Н.Марданова, «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша А.Сахуовтың жумысы да оң бағаланып, I орын берілді. Жеңімпаздардың бәрі де өздері қатысқан құзыреттіліктері бойынша облыстық чемпионатқа жолдама алды.

View the embedded image gallery online at:
https://bokeiordacoll.kz/kz/worldskills#sigFreeIdf4a14ba58f

Яндекс.Метрика